15 наурызда 3-сыныптарында "Мейірімділік бар жерде бәрі керемет" сынып сағаты өтті. Сынып сағатын өткізу барысында оқушылар мейірімділік деген не, Наурыз мерекесінің мәні неде деп толғанды. Балалар "Наурыз мерекесі" викторинасының сұрақтарына жауап беріп, топтарда мейірімділік туралы мақал-мәтелдер құрастырып, олардың мағынасын түсіндірді. Сынып сағатын қорытындылай келе, балалар қызғалдақтарға өз тілектерін жазды, содан кейін көктемгі гүлдерден тілектер шоқтарын жасады.