Жыл сайын Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні белгілі бір ұранмен атап өтіледі. Биыл "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" ұранымен аталды. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні азаматтардың қауіпсіздігінің маңызды мәселелеріне, олардың ТЖ кезіндегі дұрыс мінез-құлқына және ұлттық азаматтық қорғаныс қызметтерінің орындайтын міндеттеріне жұртшылықтың назарын аудару үшін атап өтіледі.
Осыған байланысты, "Тайынша қ.№3 ОМ" КММ базасында 1 наурызда Тайынша қ. өрт сөндіру бөлімінің мамандарымен іс-шара өткізілді. Мамандар эвакуациялау бойынша нұсқаулық өткізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.