2024 жылдың 27 ақпанында 10 сынып ата-аналары мен заңды өкілдері үшін «Білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» (БББО) жобасы аясында «Даналық мектебі» тәрбиелік клубының №5 сабағы өтті.
Сабақ тақырыбы: “Әлеуметтік желілер және интернет кеңістік: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз іс-әрекеті”.
Іс-шараның мақсаты: желі қауіпсіздігі мәселелерінде сауаттылықты арттыру. Қойылған міндеттер орындалды: ата-аналарға балаларда желілік этикетті қалыптастыру проблемасының маңыздылығын көрсету; ата-аналарды Интернет желісіндегі ықтимал қауіпті жағдайлармен таныстыру. Ата-аналар сабақта интернет-қатерлердің жіктелуімен танысты, талқылау кезінде өскелең ұрпақтың физикалық, моральдық, рухани денсаулығына теріс әсер ету туралы қорытынды жасады, Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша ұсыныстар алды, ата-аналар үшін іс-қимыл алгоритмін әзірледі.
Сабақты мұғалім Соколовская О.Н. , психолог Трофимова Т. Н. өткізді.