Еріктілер күнін мерекелеу аясында Тайынша ауданының жастар орталығында Мұхаметғалиеваның А.Б. басшылығымен ауданымыздың еріктілері марапатталды. Марапатталған оқушылар арасында "Тайынша қаласы №3 орта мектебі" КММ-нің үш оқушысы болды. Олар 10 және 11 сынып оқушылары- Бунк Евгений, Вирх Андрей және Зель Виктор. Балалар еріктілер қозғалысының белсенді қатысушылары. Игі істерің бізді және көмекке мұқтаж адамдарды қуанышқа бөлей берсін. Біз сендерді мақтан тұтамыз!