Бүгін біздің мектепте математикалық есептерді шешуге арналған "Қазақ есебі" челленджі өтті, оның авторы ф-м.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, көрнекті ғалым-математик Асқар Жұмаділдаев.
Мақсаты: білім алушылардың сыни және креативті ойлауын дамытуға ықпал ету
Тапсырмалар:
Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерін шешуге қызығушылығын дамыту;
Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;
Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету.