26 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азиза Маратқызы Тарих және тілдер пәндік онкүндігі аясында «Бәйге ойыны» атты тақырыпта сыныптан тыс іс-шараны өткізген болатын. Бәйге ойынында 5 А мен 5 Б сынып оқушылары өзара сайысып, кімнің жүйрік екендігін анықтаған болатын.Ойын барысында балалар ойлау қабілеттерін, өнерлерін көрсете алды. Сұрақтарға жылдам жауап беріп, әріптермен сөйлем құрай алды және де мақал-мәтелдерді білетіндерін көрсете алды.Ойын соныңда балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.