"Салауатты тамақтану және салауатты өмір салтын үйрену" тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
5 желтоқсанда 8 "А" сыныбында "Салауатты тамақтану және салауатты өмір салтын үйрену" тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты ағылшын тілі мұғалімі Федорович А.Ю. өткізді. Балалар бейнеролик көріп, сабақтың тақырыбын өздері анықтады және мақсат қойды. Мұғалім "Мен-Сен-Біз" әдісін қолданды. Сабақ барысында балалар жаттығуларды өз бетінше, жұпта, содан кейін топта орындады. Балалар сабақта белсенді жұмыс істеді. Сабақтың мақсаттарына қол жеткізді.