29 қарашада 2 "Б" сыныбында «От - адамның досы әрі жауы" атты сынып сағаты өтті. Өрт - үлкен бақытсыздық, қайғылы жағдай. Бірақ егер әр адам өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін толығымен орындаса, оны алдын алуға болатыны белгіді. Есіңізде болсын! Өрттің алдын алу үшін отпен абай болыңыз. Өртке қарсы қауіпсіздік туралы айтып қана қоймай, өрт кезіндегі тәртіп ережелерін автоматты түрде орындауды пысықтау маңызды. Сынып жетекшісі Козловская Е.М оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт сөндірушінің кәсібі туралы айтып берді. Балалар жұмбақтарды шешіп, мақал - мәтелдерді оқыды, жұпта от қашан дос, ал қашан жау болатынын талқылады. Оқушылар топтарда жұмыс істеді. Өрт кезінде болатын жағдайлар ұсынылды. Балалар осы жағдайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін айтты. Оқушыларға "Өртті не сөндіреді?» ойыны ұнады. Жас болғанына қарамастан, балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін жақсы біледі. Балалар өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірін қайталап, бір ауыздан "101"деп жауап берді.