Алтын күз мерекесі балалар үшін шаттыққа толы күн. Балаларға жерге түскен күзгі жапырақтарға, жаңбырға қарап қуану, қолшатырмен сеуендеу үлкен бақыт сыйлайды.
20 қазанда “Тайынша қаласы № 3 ОМ” КММ-де "Алтын күз” мерекесі өтті. Сценарийді тәрбиеші Юлия Станиславовна Василенко әзірледі. Музыка жетекшісі Татьяна Ивановна Писковскаяның жетекшілігімен әндер мен билер орындалды.
Ал күз ханшайымы өзі көп күттірмеді және мерекеге келді (Трофимова Татьяна Николаевна).
Балалар қуана-қуана өлең айтып, ән айтып, ойнап жүрді.Ұлдар күз айларының рөлін ойнады.