09. 10. 2023 ж. "Тайынша қ. №3 ОМ" КММ мектеп линейкасына полиция капитаны Шәріпов К.Т сөз сөйледі. Ол оқушылар себепсіз мектепке бармаса, онда мектеп оқушыны кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тапсыратынын түсіндірді. Әрі қарай іс сотқа беріледі. Сот ата – аналарға үш айлық есептік көрсеткіштен және одан жоғары әкімшілік айыппұл төлеуге шешім шығарады. Сондай-ақ, ол балаларға жол ережелері туралы еске салып, осы ережелерді сақтау қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның ішінде скутерлерде және мотоциклдерде жүрудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.