Биылғы жаңа оқу жылынан бастап "Тайынша қаласы № 3 орта мектебі" КММ-де ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейді. Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту үшін ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту; балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Осы реттте ата-аналар қауымымен бірнеше сабақтар да өткізілді. Күн тәртібінде мұғалімдерді де, ата-аналарды да толғандыратын мәселелер талқыланды.