4 қазанда мұғалімдер күні мен қарттар күніне арналған іс-шаралар аясында №3 орта мектебінің 9А,Б,10,11 сынып оқушылары "Егер мұғалім болсам ..." тақырыбында шығарма жазды. Жұмыстарда балалар мамандықтың оң және теріс жақтарын көрсете алды, мұғалімнің еңбегінің маңыздылығын, осы мамандыққа деген өз көзқарасын білдірді.