"Тайынша қаласының №3 орта мектебі" КММ-де 4 "Б" сыныбында парасаттылық сағаты өтті. Іс-шара барысында балаларды адалдық, адамгершілік қағидаттарын қалыптастыруға, білім беру процесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуге арналды. Әңгімелесу барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық деген не және оның салдары туралы айтылды, оларды сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерімен және оған қарсы күрес бойынша Үкімет қабылдайтын шаралармен таныстырды. Балаларға осы мәселеге қатысты өз пікірлерін қалыптастыруға және өз көзқарастарын білдіру қабілетін дамытуға көмектесті. Коллаж балалармен бірге түрлі түсті бояулармен боялған алақандардың көмегімен жасалды. Әр алақанда балалар "парасаттылық" ұғымына енетін сөздер жазды.