Кітап-адамзаттың баға жетпес байлығы. Бұл ғылымның қайнар көзі, білім мен мәдениеттің жоғары деңгейіне жетелейтін білім беру құралы. Ұлы Абай : "Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге", - деді. Мұндай әдемі сөздер кітап оқудың адам дамуының негізгі факторы екендігінің дәлелі.