5 маусымда "Бала құқықтары: БҰҰ Конвенциясы"атты әңгіме өткізілді. Балалар мектеп кітапханасына барып, конвенция туралы ақпарат алды. " Мен кіммін?", "Құқықтар мен міндеттер ағашы", "Тәртіп орнат" сияқты ойындар ойнады. Ойын кезінде түрлі-түсті иллюстрациялармен жұмыс істеді. Барлық бала әңгімелесу кезінде белсенді болды, презентацияны қызығушылықпен көрді.