Құрметті оқушылардың ата-аналары мен заңды өкілдері!Міне, көптен күткен жаз келді! Жаз - демалыс уақыты. Балалар сабақтан демалып, күш жинайды, достарымен ойнайды, өзенге шомылуға және балық аулауға барады! Сонымен қатар, жаз мезгілі, өкінішке қарай, балалармен бірге суда: көлдерде, өзендерде, бассейндерде болатын жазатайым оқиғалардың жиі орын алатын уақыты екенін еске салу керек. Балалар мен ересектер әрқашан қауіпсіздік ережелерін есте ұстауы керек. Балаларыңызға біздің Чаглинка өзені соншалықты қауіпсіз емес екенін еске салу керек. Бұл өзен таяз болып көрінеді. Алайда оның жасырын "тұзақтары" бар. Өзен бойында арнайы жабдықталған жүзу орны және құтқару қызметі жоқ. Балаларға жүзе алатын болса да, тек ата-анасының қатысуымен шомылуға болатынын түсіндіріңіз. Су қателіктерді кешірмейді, ал балалар әрқашан өз күштерін есептей алмайды. Балаларға жалғыз немесе достарымен өзенге велосипедпен