15 мамыр «Халықаралық Отбасы күніне» байланысты 6-сыныпта «Менің отбасым –менің байлығым» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Мақсаты: отбасындағы құндылықтарды сақтау, ата-анаға құрметпен қарау. Оқушылар өздерінің отбасы туралы фотоколлаж жасады. Отбасындағы құндылықтарға байланысты мақал-мәтелдер, викториналық сұрақтар қойылды. Сынып жетекшісі-Темирбекова Данаш Ойратқызы.