18 қарашада Халықаралық темекі шегуден бас тарту күнінде "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп" тақырыбында 5-11 сынып оқушылары үшін профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар барысында балалар темекі шегудің ағзаға зиянды әсері, темекі шегуді насихаттау әдістері және осы жаман әдеттен бас тарту жолдары туралы білді.