1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл оқу процесінің барлық қатысушыларына ыңғайлы болу үшін жасалды.
Ата-аналар мектепті алдын ала тандап, қажетті құжаттарды уақытында тапсырып, оқу құралдарын жинай алады.
Мектеп басшылығы сыныптарды алдын ала жасақтап, қажетті оқулықтар санын сатып алып, сағаттарды бөліп, мұғалімдер құрамын анықтай алады.
Сондай
egov.kz сайты арқылы келесі құжаттарды ұсына отырып, өтініш беруге болады:
-ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3 «Баланың денсаулығы паспорты» нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысанындағы денсаулық туралы құжат;
- екі 3х4 фотосурет.